Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі

03.12.2020 жылы Дін істері жөніндегі басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» тапсырмасымен Затов К.А. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Затов Қайрат Айбекұлымен діни эстремизм мен тероризмге қарсы «Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі» онлайн форматта арнайы жиын өткізілді. Қазіргі таңда, бүкіл әлем елдерінде діни экстремизм мен терроризм қаупі сақталып отыр. Сондықтан, өсіп келе жатқан жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді сіңіру мен адамды қадірлеу, ата дініміздің құндылықтарын қадірлеуге үйрету арқылы діни радикализмге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыра аламыз.Дін қоғамдағы өте өткір де нәзік мәселе.

Кемеңгерліктің 30 жылы

30.11.2020 жылы тұңғыш Президент күніне орай 1 курс білім алушылармен “ Кемеңгерліктің 30 жылы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Online кездесу барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы ақпараттар ұсынылды.

«Бескрайний Казахстан» туристік жобалар конкурсы

30 қараша күні біздің «0507000 – Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттері Асхатқызы Ажар және Құрманжан Гаухар «Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер 3 орынға ие болды. Команда жетекшісі Шапқынова Қалампыр Маратқызы Маратовна алғыс хат алды.

«Жас зерттеушілер форумы» халықаралық студенттік конференциясы

310 топ студенті Ертіс Жібек Елтайқызы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Жас зерттеушілер форумы» халықаралық студенттік конференциясына қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.

Jastar Skills 2020:

Jastar Skills 2020: Алматыда ең дәмді мамандық бойынша 2-ші шағын чемпионат өтті. Jastar Skills-Қоғамдық даму басқармасы мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жаңа бастамасы. Оның міндеті-жастардың назарын токарлық және дәнекерлеу ісі, аспаз және шаштараз өнері, сондай-ақ киім дизайны сияқты перспективалы жұмыс мамандықтарына аудару.

«Технологиялық пәндер» циклінің декадасы

20-30 қазан аралығында «Технологиялық пәндер» циклінің онкүндігі өтті. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді: онлайн сабақтар, шеберлік сыныптары, 1 курс студенттеріне эссе байқауы, 2,3,4 курс студенттеріне арналған «Мамандығы бойынша үздіктер» сайысы. «1219000 – Пісіру, макарон өнімдері және кондитерлік өнімдер өндірісі» 415 тобының студенті Ілияс Мұхтарбек «5 және 7 жіптен тоқу» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.

Тілім – менің тағдырым

22 қыркүйек 2020 жылы АҚҚжТК-де Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл-менің тағдырым» атты мерекелік Online кездесу өтті.Кеш қонақтары:🔷Ғалым, қоғам қайраткері ф.ғ.к. Асылы Осман🔷Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. Құлманов Сәрсен Қуантайұлы.🔷Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы.🔷Аудармашы, журналист, Кросс Пресс баспасының редакторы Шынар Әбілда. Кездесу кешінде колледж білім алушылары қонақтарымызға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Мемлекеттік тілге байланысты өз пікірлерін ортаға сала келе кеш соңын өлең айтып, күй тартып өз өнерлерін көрсетумен аяқтады.

«Дәстүрді қайта жаңғыртамыз. Пасха»

Біздің студенттер 13 Халықаралық «Дәстүрді қайта жаңғыртамыз. Пасха» жастар гастрономиялық фестиваліне қатысты. Фестивальдің ұйымдастырушысы «Дәстүрді жаңғырту орталығы» Коммерциялық емес серіктестігі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша 319 топ студенті Калюшин Семен 1 орын, 203 топ студенті Исмагулов Бексұлтан 3 орын алды.