Дәмді Өзбекстан 2019

06.11.19-08.11.19 аралығында Ташкент қаласында шеф-аспаздар қауымдастығының Дүниежүзілік қауымдастығы (WACS) мақұлдаған «Дәмді Өзбекстан-2019» Халықаралық аспаздық чемпионаты өтті. Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі чемпионатқа үш номинация бойынша қатысты. Арьянова Вера «Қызыл ет тағамы» және «Десерт» номинацияларында екі қола медаль жеңіп алды. Қалимов Амангелді және Колюшин Семен «Паста» номинациясында өнер көрсетті. Бұл номинацияда қатысушылар күміс медальға ие болды. АФПиТК командасының қоржынына 2 күміс және 3 қола медаль қосылды .

Ағылшын тілі бойынша М.В.Ломоносов атындағы республикалық олипиада

18 наурыз күні «Urker mitec» зияткерлік орталығының ұйымдастырумен ағылшын тілі бойынша М.В.Ломоносов атындағы республикалық Олипиада өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша: 🥈2орын – Азамат Ақниет Азаматқызы 🥉3 орын – Болмосов Сергей Александрович 🥉3 орын – Алымова Камила Сергеевна 🥉3 орын – Досымбек Бексултан Адилханович.Басқа қатысушылар мақтау қағаздарымен және сертификаттармен марапатталды.

WorldSkills Almaty 2019

16-20 сәуір аралығында WorldSkills Almaty 2019 аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Чемпионатқа Алматы қаласының 11 колледжінен 35 қатысушы қатысты.🔵 WorldSkills-қатысушылары 76 ел болып табылатын халықаралық қозғалыс. Оның негізгі мақсаты-жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыру және насихаттау. WorldSkills қозғалысы, соның ішінде EuroSkills қозғалысы жастарды жұмысшы мамандықтарды игеруге тартады және еліміздің жас мамандарына алған кәсіби дағдылары мен құзыреттерін әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік береді. Біздің колледждің студенттері жыл сайын WorldSkills чемпионаттарына қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Биыл біздің студенттер «наубайшы» құзыреттілігі бойынша 1 және 2 орын алды»

«The best online Ambassadors of Almaty» жобасы

13 сәуірде «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 3 курс студенттері SMM «The Best Online Ambassadors of ALMATY»жобалар байқауына қатысты. Конкурс шарттары бойынша қатысушылар Алматы қаласының брендін дамытудың таңдап алынған тұжырымдамасына сәйкес SMM жылжыту стратегиясын әзірлеуі қажет болды. SMM жобалар байқауының қорытындысы бойынша біздің студент Хамидов Халмурат 2 дәрежелі диплом алды.

Иманғазина Бибігүлмен кездесу кеші

Біздің коллеждің білім алушылары Қазақстан қонақ үйінде өткен «Бибі -ана» мүгедек аналар қайырымдылық қорының президенті Иманғазина Бибігүлмен кездесу кешіне қатысты. Кездесу барысында «Тауқымет» кітабының презентациясы өтті.

«Қыз қылығы»

11 сәуір күні колледж психологы Жүнісова Улбосын Жексенбаевна 1-2 курс қыздарымен «Қыз қылығы» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында жасөспірім қыздармен ерте тұрмыс құру, кәмілет жасына жетпей балалы болу мәселесі қарастырылды.

«Студенттік көктем-2019»

Жастар жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасының мәдениетін өркендету, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін насихаттау, студенттердің шығармашылығын шыңдау мақсатында, Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінің ұйымдастыруымен 4 сәуір күні Алматы қаласының колледждері арасында тұңғыш рет «Студенттік көктем-2019» байқауы өтті. Байқау қорытындысы бойынша Құрманжан Гаухар » би » номинациясы бойынша 3 орын, Байқожа Дильназ «ән «номинациясы бойынша 3 орын алды»

«Балаға мейірім сыйла»

205 топ білім алушылары «Балаға мейірім сыйла» акциясын ұйымдастырып балалар үйінің бүлдіршіндеріне қамқорлық білдіріп сыйлықтар тартты, ойындар ұйымдастырып, серуендетіп қайтты.

Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

Ауғанстаннан әскерлерді шығарғанына 30 жыл толуына орай біздің колледждің студенттері Ауған соғысы ардагерлерімен Чехов кітапханасында кездесті. Жауынгер-интернационалист Әлімқұлов Ерлік Бесатұлы студенттерге соғыс алаңындағы қиын ұрыс жолы туралы айтып, бірқатар сұрақтарға жауап берді

«Болашаққа үміт – жастарға сенім»

15.02.2019 күні «Болашаққа үміт – жастарға сенім» атты дарынды оқушылардың ұйымдастыруымен ғылыми-танымдық конференция өтті. Конференция барысында біраз студенттер өздері жеткен жетістіктерімен бөлісті