30.11.2020 жылы тұңғыш Президент күніне орай 1 курс білім алушылармен “ Кемеңгерліктің 30 жылы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Online кездесу барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы ақпараттар ұсынылды.
Category: Жаңалықтар
1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні
30 қараша күні қалалық СПИД орталығының маман дәрігері Үсенқұл Мәдина Меширқызы «ЖИТС-пен күрес» тақырыбында online дәріс өткізді”
«Бескрайний Казахстан» туристік жобалар конкурсы
30 қараша күні біздің «0507000 – Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру» мамандығының 3 курс студенттері Асхатқызы Ажар және Құрманжан Гаухар «Шексіз Қазақстан» туристік жобалар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер 3 орынға ие болды. Команда жетекшісі Шапқынова Қалампыр Маратқызы Маратовна алғыс хат алды.
Ерте жүктіліктің алдын алу
25.11.2020 Жастар денсаулығы орталығының маманы Райымбекова Назерке Алтынханқызы колледж білім алушыларымен “ Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында online кездесу өткізді.
«Жас зерттеушілер форумы» халықаралық студенттік конференциясы
310 топ студенті Ертіс Жібек Елтайқызы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Жас зерттеушілер форумы» халықаралық студенттік конференциясына қатысқаны үшін 2 дәрежелі дипломмен марапатталды.
Jastar Skills 2020:
Jastar Skills 2020: Алматыда ең дәмді мамандық бойынша 2-ші шағын чемпионат өтті. Jastar Skills-Қоғамдық даму басқармасы мен білім басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жаңа бастамасы. Оның міндеті-жастардың назарын токарлық және дәнекерлеу ісі, аспаз және шаштараз өнері, сондай-ақ киім дизайны сияқты перспективалы жұмыс мамандықтарына аудару.
«Технологиялық пәндер» циклінің декадасы
20-30 қазан аралығында «Технологиялық пәндер» циклінің онкүндігі өтті. Онкүндік аясында келесі іс-шаралар өткізілді: онлайн сабақтар, шеберлік сыныптары, 1 курс студенттеріне эссе байқауы, 2,3,4 курс студенттеріне арналған «Мамандығы бойынша үздіктер» сайысы. «1219000 – Пісіру, макарон өнімдері және кондитерлік өнімдер өндірісі» 415 тобының студенті Ілияс Мұхтарбек «5 және 7 жіптен тоқу» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетті.
Тілім – менің тағдырым
22 қыркүйек 2020 жылы АҚҚжТК-де Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай «Тіл-менің тағдырым» атты мерекелік Online кездесу өтті.Кеш қонақтары:🔷Ғалым, қоғам қайраткері ф.ғ.к. Асылы Осман🔷Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к. Құлманов Сәрсен Қуантайұлы.🔷Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері PhD докторы Қуаныш Жұмабекұлы.🔷Аудармашы, журналист, Кросс Пресс баспасының редакторы Шынар Әбілда. Кездесу...
«Дәстүрді қайта жаңғыртамыз. Пасха»
Біздің студенттер 13 Халықаралық «Дәстүрді қайта жаңғыртамыз. Пасха» жастар гастрономиялық фестиваліне қатысты. Фестивальдің ұйымдастырушысы «Дәстүрді жаңғырту орталығы» Коммерциялық емес серіктестігі болып табылады. Байқау қорытындысы бойынша 319 топ студенті Калюшин Семен 1 орын, 203 топ студенті Исмагулов Бексұлтан 3 орын алды.
Дәмді Өзбекстан 2019
06.11.19-08.11.19 аралығында Ташкент қаласында шеф-аспаздар қауымдастығының Дүниежүзілік қауымдастығы (WACS) мақұлдаған «Дәмді Өзбекстан-2019» Халықаралық аспаздық чемпионаты өтті. Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі чемпионатқа үш номинация бойынша қатысты. Арьянова Вера «Қызыл ет тағамы» және «Десерт» номинацияларында екі қола медаль жеңіп алды. Қалимов Амангелді және Колюшин Семен «Паста» номинациясында өнер көрсетті. Бұл номинацияда қатысушылар күміс медальға ие болды....