10130100 – Қонақ үй бизнесі
3W10130101 – Әкімші
Бұл мамандық бойынша әкімшінің кәсіби қызмет саласы-қонақ үй кешендері, туристік фирмалар.
Мамандық бойынша түлектер туризм және қонақ үй шаруашылығы саласында қызмет көрсете алады, сондай-ақ қонақ үйдің, қонақ үй кешенінің ұйымдастыру-басқару және маркетингтік қызметін жүзеге асыра алады.
Әкімшілік:
- Қонақтарға ұсынылатын қызметтер бойынша кеңес беру;
- Құжаттарды рәсімдеу, тіркеу, есептеулердің барлық түрлерін мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізу;
- Қонақ үйдің басқа қызмет көрсету түрлерімен тиімді қатынаста болу;
- Қатынас қағаздарын қабылдау жэне оларды бағыттар бойынша жіберу;
- Қызмет кезінде автоматтандырылған қонақ үй бағдарламаларын, оргехникасын заманауи құралдарымен қолдану;
- Материалдық құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету;
- Даулы жағдайларды шешу және оларды болдырмау шараларын қабылдау
- Қаржы акцияларын өз уақытында және сапалы жүргізу.
Пән: оқыту тілі, география және шет тілі