07210300 – Нан, макарон және кондитер өндірісі

Home / 07210300 – Нан, макарон және кондитер өндірісі

07210300 – Нан, макарон және кондитер өндірісі

4S07210305 – Техник – технолог

Нан, кондитерлік және макарон өнімдірісінің техник – технологы – бұл өнімді әзірлеу, өндіру, сату және сапасын бақылау, тұтынушыларға қызмет көрсету жөніндегі маман.

Мамандықтың міндеттері:

–  білікті маман шикізатты қабылдауды, сақтауды және өңдеуге дайындауды жүзеге асырады;

–  нан, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіреді;

–  нан, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіру саласында қызмет көрсету бойынша жұмыстарды және қызметтерді басқарады;

–  нан, нан-тоқаш, кондитерлік және макарон өнімдерінің жаңа түрлерін әзірлеуге қатысады.

Жұмысшылардың бір немесе бірнеше мамандықтары бойынша жұмыс жасай алады:

шикізатты ыдыссыз сақтау қондырғысының операторы, ашытқы дайындаушы, қамыр өсіруші, нан өнімдерін қалыптаудың ағынды желісінің машинисі, наубайшы-шебер, салушы-буып – түюші, глазурьлеуші, кондитер, шоколад-өңдеу машиналарының машинисі және т. б.

Түлектің кәсіби қызметінің объектілері: нан пісіру, макарон және кондитер өнеркәсібі кәсіпорындарында техник-технолог, цех бастығы, ауысым бастығы, микробиолог, химик, аға шебер, ауысым шебері, учаске шебері, өнім сапасын бақылау жөніндегі инспектор, шикізатты ыдыссыз сақтау қондырғысының операторы лауазымдары.

Пән: оқыту тілі, химия және биология