5-14 ақпан аралығында online форматта «Мейірімділікке толы жүрек» тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігі өтті. Онкүндік аясында педагог-психолог Ұлбосын Жексембайқызы және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы колледж оқушылары үшін бірқатар іс-шаралар өткізді.

8 ақпан күні Өзін – өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы 1 курс білім алушылары үшін «Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек!» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер жүрекшелерге ізгі тілектерін жазып, бір – біріне тарту етті.

Өзін-өзі тану пәнінің авторы, «Бөбек» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы туғанына 80 жыл толуына орай 1,2 курс білім алушыларының қатысуымен «Благодать сердце» атты online сабақ өтті. Online сабақ барысында 1 курс студенті Дәуленқызы Дана Сара Алпысқызының «Өмір этикасы»кітабынан үзінді оқыды.

Сонымен қатар өткізілді:

  • «Желілік этикет» тақырыбында тәрбие сағаты»
  • «Махаббатқа толы жүрек» эссе байқауы»
  • Адамгершілік туралы фильмдер көрсету.

Leave a Reply

Your email address will not be published.