9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні.

9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған Мұқағали өлеңдері әлі де өз үнін жоғалтпасы анық. 8 ақпан күні 110 топтың студенттері және қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Кожамкулова Улбосын Айтмаканбетовна ұйымдастыруымен поэзия кеші өтті.

«Құқық негіздері» пәні бойынша «Жеті жарғы республикалық олимпиадасы

«Құқық негіздері» пәндер бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Жеті жарғы» республикалық олимпиадасында 361 топ студенттері сертификаттармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Физика пәнінен М.В. Ломоносов атындағы республикалық олимпиада

Физика пәнінен М.В. Ломоносов атындағы республикалық қашықтықтан өткізілген олимпиада қорытындысы бойынша біздің студенттер жақсы нәтиже көрсетті және мақтау қағаздарымен, сертификаттармен марапатталды. 1-курс студенті Сокальский Богдан 2-ші орын алды және дипломмен марапатталды.

«Алматы қаласының жайлы өмірі үшін: проблемалары, табыстың құпиясы, іс-әрекеттері үшін» қалалық жастар форумы

310 топ студенті Нурпейісов Әділ «Алматы қаласы жайлы өмір үшін: проблемалар, табыстың құпиясы, іс-әрекеттер» қалалық жастар форумында «Қоғамдық көлік саласындағы инновациялар» жобасы бойынша 2-орынға ие болды. 313 тобының студенті Мусаев Руслан «Алматы қаласының жайлы өмірі үшін: проблемалары, табыстың құпиясы, іс-әрекеттері үшін» қалалық жастар форумында «Зоопарктегі өзгерістер» атты жобасымен 3-ші орынға ие болды

ШЕФ BATTLE 2018

2018 жылдың 9 қыркүйегінде «Қазақстанның мейрамханалық сыны» мен «Қазақстанның шеф-аспаздар қауымдастығы»үшінші Аспаздық жекпе – жек өткізеді – «ШЕФ BATTLE 2018». Біздің жасөспірімдер командасы 2 орын алып, күміс медальмен марапатталды. Төрағалар құрамы: Thomas Gugler Африка және Таяу Шығыс елдері бойынша Дүниежүзілік аспаздық қоғамдастықтар қауымдастығының (WACS) Президенті, 178 медаль мен жоғары наградалардың иегері, «А»санатындағы wacs төрешісі. Виктор Беляев Ресей Аспаздар Қауымдастығының Президенті Erich Glavic Еуропалық Қоғамның ПрезидентіАспазшылар Акбар Умаров Аспаздар қауымдастығының президенті Өзбекстан

Бесінші халықаралық KITAP FEST кітап фестивалі

8 қыркүйекте Алматыда Бесінші халықаралық «KITAP FEST» кітап фестивалі өтті. Ұйымдастырушы-Алматы әкімдігінің қолдауымен BAURZHAN жеке қоры.Бес жыл ішінде фестиваль өзінің ауқымын кеңейтіп, қарапайым кітап алмасудан барлық кітапқұмарларды, жазушыларды, блогерлерді, қоғам қайраткерлерін, Баспагерлер мен пікір жетекшілерін біріктіретін қаланың мәдени-ағартушылық іс-шарасына айналды.

Ұлттық тағамдарды жаңғырту

2018 жылдың 15 мамырында Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі аппаратының, «Khamapark», Алматы қаласы Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің қолдауымен «Туған жер»бағдарламасы аясында дәстүрлі, ұмытылған, заманауи Қазақ ұлттық тағамдарын дайындау бойынша ашық конкурс өтті. Шеберлер командасы Алипбекова Алия Болатбековна, Сарсебаева Балжан Бахытбековна және өндірістік оқыту шебері Макаев С. А. өздерін жоғары деңгейде көрсетіп, 1 орынға ие болды

Болу-2018 » Халықаралық аспаздық өнер байқауы»

2018 жылғы 2-7 мамыр аралығында Болу қаласында өткен «Болу-2018» халықаралық конкурсында Манапхан Еламан, Нұғманова Еңлік және Омарова Эльвира қатысып, «Юниорлар» санатында «Командалық өнер көрсету» номинациясында қола медаль жеңіп алды. «Балық санаты» номинациясы бойынша Манапхан Еламан қола жүлдеге ие болды.

World Skills-2018

2018 жылдың 17 сәуірінде World Skills-2018 қалалық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауы өтті. «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша қатысушы Аюпова Розян 1 орын және Идоятова Рамиля 2 орын алды. «Аспазшы» құзыреттілігі бойынша Манапхан Еламан 2 орын алды.

Жаңғыру 3.0: «Рухани жаңғыру»

2018 жылдың 16 ақпанында Алматы Экономика және құқық колледжінде » Жаңғыру 3.0: «Рухани жаңғыру»: экономикалық, саяси, қоғамдық сананы жаңғырту » тақырыбында VI аймақаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті» Конференцияның қорытындысы бойынша «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру» мамандығының 3 курс студенті Қыдырхан Санжар 1 орын Маширапова Саида 3 орын, 2 курс студенті Клаптенко Аннна 2 орын және Калжан Шапагат «За нестандартность подхода к исследованию» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды.