...
“Əлеуметтік желіні игілікке пайдалана аламыз ба?”

“Əлеуметтік желіні игілікке пайдалана аламыз ба?”

29 қыркүйек күні 2 курс 210 жəне 217 топтары арасында “Əлеуметтік желіні игілікке пайдалана аламыз ба?” тақырыбына пікір-талас сайысы өткізілді. Дебат кезінде 217 тобы студенттері тақырыпты толық ашып, 1- ші орынды иемденіп, жеңіске жетті. Таубеков Даулет және Атаназаров Нурбол “Үздік спикер” атанып колледж әкімшілігі атынан сыйлықпен марапатталды. Дебаттың мақсаты: колледж білім алушылары арасында дебаттық қозғалысты дамыту, насихаттау және қолдау.Әлеуметтік желі – интернетке байланысты білім алушылардың алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, қорытындылау;

Футболдан турнир

Футболдан турнир

25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2 курс студенттері арасында шағын футболдан жарыс өткізілді Турнирдің мақсаты: жастар арасында шағын футболды насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты белсенді ұйымдастыру, өзара қарым-қатынасты, достық сезімін, студенттер арасында серіктестікті дамыту. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:I орын-207 топII орын-222 топIII орын-210 топ Жеңімпаздар Студенттік өзін-өзі басқару кубогымен марапатталды.

1 наурыз – Алғыс айту күні

Алғыс айту күніне орай колледж ұжымы қарттарға арналған “Қамқор” әлеуметтік үйіне барды. Болашақ ұрпаққа үлгі болу мақсатында, сонымен қатар әлеуметтік үйдің құрылғанына 20 жыл толуына орай алғыс пен Құрмет белгісі ретінде сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, “Қамқор” әлеуметтік үйінің барлық әйелдер қауымын келе жатқан 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап қайтты.

«Мейірімділікке толы жүрек»

5-14 ақпан аралығында online форматта “Мейірімділікке толы жүрек” тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігі өтті. Онкүндік аясында педагог-психолог Ұлбосын Жексембайқызы және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы колледж оқушылары үшін бірқатар іс-шаралар өткізді. 8 ақпан күні Өзін – өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы 1 курс білім алушылары үшін “Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек!” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер жүрекшелерге ізгі тілектерін жазып, бір – біріне тарту етті. Өзін-өзі тану пәнінің авторы, “Бөбек” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы туғанына 80 жыл толуына орай 1,2 курс білім алушыларының қатысуымен “Благодать сердце” атты online сабақ өтті. Online сабақ барысында 1 курс студенті...

Кітап сыйлау

Жыл сайын 14 ақпанда “Халықаралық кітап күні” атап өтіледі. Осы күнге орай кітапхана меңгерушісі Кулзейнеп Кожатаевна және психолог Улбосын Жексембаевна “Жанұя” балалар үйіне барып, балаларға ертегілер мен әңгіме кітаптарды сыйға тартты.

Дуальды оқыту 2021

Дуальды оқыту — бұл бір мезгілде екі бағыт бойынша-теориялық және практикалық маман даярлау. Оқу уақытының 1/3 бөлігі колледжде базалық білім алады, ал 2/3 бөлігі өндірісте — оқыту кәсіпорнында машықтарды шыңдайды және іс жүзінде маңызды білім алады. Басты мақсат — өндірісте жұмыс істеудің негізгі дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау. 2020-2021 оқу колледжі “Айдын”ЖШС кондитерлік фирмасымен дуальді оқыту бойынша шартқа қол қойды. Бүгінгі таңда “Айдын” ЖШС өндірісінде 1 курс студенттері практикалық дағдыларды: – наубайшы мастер, – кондитер біліктілігі бойынша алады.

“Сыбайлас жемқорлықпен күрес – азаматтық міндет”

2020 жылдың 29 желтоқсан күні Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің білім алушыларды мен оқытушылар ұжымы “Сыбайлас жемқорлықпен күрес – азаматтық міндет” тақырыбы бойынша “Саналы ұрпақ” Республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлымен кездесу өткізді. Кездесу мақсаты:Жастарды парасаттылыққа, отан сүйгіштікке, адалдыққа,жауапкершілікке бейімдеу.Кездесу барысында Қайыржан Ахметбекұлы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы,болашақ саналы ұрпақ және адал қоғам қалыптастырудың жоспары жөнінде әңгіме қозғады.

Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі

03.12.2020 жылы Дін істері жөніндегі басқармасы “Дін мәселелерін зерттеу орталығының” тапсырмасымен Затов К.А. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының докторы, профессор Затов Қайрат Айбекұлымен діни эстремизм мен тероризмге қарсы “Діни сауаттылық-қоғам қауіпсіздігі” онлайн форматта арнайы жиын өткізілді. Қазіргі таңда, бүкіл әлем елдерінде діни экстремизм мен терроризм қаупі сақталып отыр. Сондықтан, өсіп келе жатқан жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді сіңіру мен адамды қадірлеу, ата дініміздің құндылықтарын қадірлеуге үйрету арқылы діни радикализмге қарсы тұратын иммунитет қалыптастыра аламыз.Дін қоғамдағы өте өткір де нәзік мәселе.

Кемеңгерліктің 30 жылы

30.11.2020 жылы тұңғыш Президент күніне орай 1 курс білім алушылармен “ Кемеңгерліктің 30 жылы” тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Online кездесу барысында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы ақпараттар ұсынылды.

“Бескрайний Казахстан” туристік жобалар конкурсы

30 қараша күні біздің “0507000 – Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру” мамандығының 3 курс студенттері Асхатқызы Ажар және Құрманжан Гаухар “Шексіз Қазақстан” туристік жобалар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша біздің студенттер 3 орынға ие болды. Команда жетекшісі Шапқынова Қалампыр Маратқызы Маратовна алғыс хат алды.

Ерте жүктіліктің алдын алу

25.11.2020 Жастар денсаулығы орталығының маманы Райымбекова Назерке Алтынханқызы колледж білім алушыларымен “ Ерте жүктіліктің алдын алу” тақырыбында online кездесу өткізді.

Optimized by Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.