...
“Жақсылық жасауға асығыңыз” кураторлық сағаты

“Жақсылық жасауға асығыңыз” кураторлық сағаты

14.03.2022 жылы Гульшат Мауленовна 1 курс 104 топ студенттерімен «Жақсылық жасауға асығыңыз» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: білім алушыларда мейірімділік пен қайырымдылықты қалыптастыру үшін жағдай жасау, жалпы мейірімділік пен игі істер туралы дұрыс және қате түсініктерді анықтау.

«Онлайн сабақтар мен жаттығулар өткізу үшін кітап- конспектілер жасау” семинар

«Онлайн сабақтар мен жаттығулар өткізу үшін кітап- конспектілер жасау” семинар

19.02.2022 жылы «Білім» қайта даярлау және біліктілікті арттыру институтының  ұйымдастыруымен колледж оқытушылары «Онлайн сабақтар мен жаттығулар өткізу үшін кітап- конспектілер жасау» тақырыбындағы өткен педагогикалық қызметкерлерге арналған оқыту семинарына қатысты.

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы

Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығы

13 желтоқсан күні қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына орай қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Балнұр Ноянбайқызы 103 топ студенттерімен “Өнер, білім – бәрі де оқуменен табылған” тақырыбынды сынып сағатын өткізді.

Жамбыл Жабаев – 175 жыл

Жамбыл Жабаев – 175 жыл

10 желтоқсан 2021 жылы қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай кітапхана меңгерушісі Кульзейнеп Кожатаевна, қазақ тілі және әдебиеті пәні оқытушысы Жансая Миргалимқызы және 121 топтың ұйымдастыруымен “ Ғасыр – ғұмыр” тақырыбында сыныптан тіс іс- шара өтті.

Конфлиткті алдын алу

Конфлиткті алдын алу

13.12.2021 жылы колледжіміздің өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы 3 курс 305 топ білім алушыларымен «Конфлиткті алдын алу» тақырыбында семинар сабақ өткізді.

Екі жұлдыз – 2021

Екі жұлдыз – 2021

10 желтоқсан 2021 жылы колледжіміздің оқытушылары мен студенттері арасында “Екі жұлдыз” байқауы өтті. Жұп болып ән шырқаған колледж студенттері мен оқытушылары өз өнерімен көрермендерді тәнті етті

2-ші халықаралық гастрономия фестивалі “Gastro Antalya 2021”

2-ші халықаралық гастрономия фестивалі “Gastro Antalya 2021”

25-27 қарашада Анталия қаласындағы Antalya Expo Көрме орталығында 2-ші халықаралық гастрономия фестивалі өтті. Жылдың тақырыбы – зәйтүн. Төрешілікке әлемге әйгілі аспаздар шақырылды. Өндірістік оқыту шебері мен колледж білім алушылары осы кездесуге қатысты. 2-ші халықаралық “Gastro Antalya 2021” гастрономия фестивалінің қорытындысы бойынша біздің команданың қоржыны 8 медальмен толықты. Өндірістік оқыту шебері Бахтыбаева Жанна Бакытжановна-1 алтын және 1 күміс Даукенова Еркежан-1 күміс және 1 қола Идрисова Назигум-1 алтын және 1 қола Арьянова Вера – 1 золото и 1 серебро

Күзгі бал

Күзгі бал

Күзгі бал -бұл жарқын түстер мен күздің теңдесі жоқ атмосферасын біріктіретін оқиға. 12-15 қараша аралығында колледжде күзгі мереке өтті. Күзгі балдың шымылдыған би бағдарламасы күзгі вальс ашты. Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: 🔺1 курс арасындаБас жүлде 103 топ1 орын-102 топ2 орын – 122 топ3 орын-110 топ 🔺 2 курс арасындаГран-при 217 топ1 орын-222 топ2 орын-204 топ3 орын-221 топ

Халықаралық аспазшылар күні

Халықаралық аспазшылар күні

21 қазан “Халықаралық аспазшылар күні” мерекесіне арналған іс-шара болып өтті. Іс-шара қонақтары:🔹Қазақстан шеф-аспаздар қауымдастығының президенті Трегубенко Александр Александрович🔹 Қазақстан шеф аспаздары қауымдастығының мүшесі, шеф Малютин Игорь Алексеевич🔹Қазақстан шеф-аспаздар Ассоциациясының мүшесі, кондитер Бақтыбаева Жанна Бақытжанқызы🔹Сондай-ақ біздің колледждің мақтанышы және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары, біздің түлектер. Қазақстан шеф-аспаздар қауымдастығының президенті Александр Александрович Трегубенко студенттерді құттықтап, жас әріптестеріне ” кәсіпті сүю, құрметтеу ” туралы кеңес айтты.

Қарттарым – асыл қазынам

Қарттарым – асыл қазынам

Колледж оқытушылары мен білім алушылар қарттар айына орай Алматы қаласының “Қамқор” әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, жалғыз басты қарттарға көмек ретінде азық-түлік себетін табыстады.

«Жастардың қоғамға тигізер пайдасы»

«Жастардың қоғамға тигізер пайдасы»

15.10.2021 жылы  «Жастардың қоғамға тигізер пайдасы» тақырыбында 221, 215, 220 топтар арасында пікір-талас сайысы өткізілді. Сайыс нәтижесі бойынша 3 топ та тақырыпты толық ашып, жеңіске жетті. Үздік спикерлер номиациясы бойынша келесі студенттер марапатталды және бағала сыйлықтарға ие болды:220 топ Өсер Жасмин Даниярқызы221 топ Маман Әсел Аманжолқызы

Волейболдан турнир

Волейболдан турнир

9 қазанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында колледж студенттері арасында волейболдан турнир өткізілді Турнирдің мақсаты: жастар арасында волейболды насихаттау, салауатты өмір салтын насихаттау, бос уақытты белсенді ұйымдастыру, өзара қарым-қатынасты, достық сезімін, студенттер арасында серіктестікті дамыту. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:I орын-203 топII орын-121 топIII орын-210 топ

Optimized by Seraphinite Accelerator
Turns on site high speed to be attractive for people and search engines.