04140100 – Маркетинг

Home / 04140100 – Маркетинг

04140100 – Маркетинг

4S04140103 – Маркетолог

Маркетинг – бұл кез келген заманауи ұйымның негізгі үрдісі болып табылады. Кез келген дамыған компания нарыққа тұтынушылардың қажеттілігін өзінің бәсекелестерінен озық түрде ұсына білуі керек. Кез келген қазіргі заманғы бизнестің негізінде маркетинг жатыр:

  • бұл тұтынушыларға бағытталған бизнестің идеологиясы;
  • нарықты зерделеу бойынша практикалық жұмыстар және компанияның тауарлары мен қызметтері тұтынушылардың көңілінен шығу үшін бәсекелестік артықшылықтарын құру;
  • бұл ассортимент, баға, сату әдісітері, жарнама және қоғаммен байланыс бойынша кәсіби шешімдер шығара білу.

Маркетолог – сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін маман.

Маркетинг мамандығын бітірген түлек сауда, жарнама және мейрамхана бизнесінде, өндіріс және қызмет көрсету саласында жұмыс істей алады.

Пән: оқыту тілі, алгебра және химия