Алматыдағы заманауи білім беру күндері

Алматыдағы заманауи білім беру күндері

20-21 мамырда Алматыда «Алматыдағы заманауи білім беру күндері» кәсіби бағдар беру фестивалі өтті. Бұл мамандық таңдау кезінде көптеген сұрақтар қоятын мектеп пен колледж түлектері үшін ерекше оқиға. Фестиваль алаңдарында білім беру мекемелерінің өкілдері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына оқытудың өзекті бағдарламалары туралы айтып береді.

Мотивациялық сабақ

2023 жылдың 1 ақпан айында колледжіміздің 2010 жылғы түлегі, тәжірибелі қаржыгер Досбол Арыстанбеков @dosbol_arystanbek студенттермен кездесіп, болашақта білікті маман, кәсіпкер болғысы келетін студенттерге кеңес берді. «Ең бірінші кеңесім — эмоцияға салынбай, аздаған сомадан бастайтын кәсіп түрін таңдау. Нарықтың ығына жығылып, икемді бола білу керек. Осы арқылы нарықты түсініп, одан ары кеңеюге болады. Стартап үшін несие алып, кәсіп бастау өте қате»

Человек- эпоха, Динмухамед Ахмедович Кунаев

27 января 2023 года Ботагоз Амангелдіқызы провела кураторский час со студентами 1 курса 120 группы на тему «Человек- эпоха, Динмухамед Ахмедович Кунаев». 12 января, 110 лет исполнилось бы выдающемуся государственному деятелю, первому секретарю ЦК Компартии Казахской ССР Динмухамеду Ахметовичу Кунаеву. Динмухамед Кунаев — государственный деятель, который внес огромный вклад в развитие экономики Советского Казахстана.

«Қаржылық Сауаттылық»

«Қаржылық Сауаттылық»

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі колледжіміздің студенттеріне қаржылық сауаттылық тақырыбында дәріс өткізді. Іс-шараның мақсаты – болашақ мамандардың, қаржылық сауаттылығын арттыру, экономикалық және қаржылық қылмыстарының алдын алу болып табылады. Дәріс барысында, Департаменттің өкілі Мырзахан Жақсылық колледж студенттерін құмар ойыннан алшақ болуға шақырып, қаржылық пирамидаларының белгілерімен таныстыру жұмыстары жүргізіді.

Күзгі марафон 2022

Күзгі марафон 2022

24 қыркүйек күні 1 және 2 курс студенттері жыл сайынғы өтетін Күзгі марафон 2022 жүгірісіне қатысты. Күзгі жылы ауа-райы жылдам жүгіруге және жарысқа жаппай қатысуға мүмкіндік берді. Болашақта олар енді жақсы спорт жетістіктерімен қуантады деп сенеміз. Марафон қорытындысы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды: Ұлдар арасында 100 м. жеке жүгіру 1 орын Булдыбаев Дамир Сайлауович топ  162 нәтижесі 12,98 2 орын Базарбай Диманұр Орынбасарұлы топ  207 нәтижесі 14,19 3 орын Мантариди Роман Александрович топ  120 нәтижесі 14,69 Қыздар арасында 100 м. жеке жүгіру 1 орын Моренко Анастасия Егоровна топ  112 нәтижесі 18,05 2 орын Пиракова Амина Махмадшарифовна топ  162 нәтижесі 18,42 3...

“Баланың бас ұстазы – ата-ана”

21 қыркүйек 2022 жылы 161 топ жетекшісі Арайлым Ерболатқызы ата-аналардың қатысуымен “Баланың бас ұстазы – ата-ана” тақырыбында жиналыс өткізді. Жиналыс барысында ата-аналар колледждің ішкі тәртібімен танысты, студенттер ата-ана туралы мақалдар айтып, өз шығармашылығындағы өлеңдерді оқыды. Сонымен қатар отбасы тақырыптағы бейне роликтер көрсетілді.

Топ жетекшілерімен семинар -тренинг

Топ жетекшілерімен семинар -тренинг

20 қыркүйек 2022 жылы “ Senimen bolashaq” РАҚ маманы Қуаныш Қуатқызы колледжіміздің топ жетекшілерімен кездесіп, семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында студенттің оқу процессінде қолдау көрсету қажеттілігі түсіндірілді, жасөспірімдердің студенттік өмірге қосылуы жолында тұрған кедергілері және оны шешу мәселелері жайлы тақырыптар қозғалды.

“ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ”

“ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ”

14.09.2022 жылы Алматы қ. мәслихатының депутаты, қалалық кардиологиялық орталығының директоры Қодасбаев Алмат Тұрысбекұлы, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, «KazComfort» ЖШС директоры Асабаев Махамбет Қайпназарұлы, колледж оқытушылары және білім алушылардың қатысуымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың “ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ” атты жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу

Діни экстремизм мен терроризмді алдын алу

12 қыркүйекте «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуы бойынша дәріс өткізді.Кездесуде ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия кафедрасының оқытушысы Қазақ ұлттық университетінің дінтану Орынбеков Нурлан Амангазинович және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы PHD философия докторы, дінтанушы Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы сөз сөйледі.

«Тіл білімнің атасы» кураторлық сағат

«Тіл білімнің атасы» кураторлық сағат

10-12 қыркүйек арасында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай “Тіл білімнің атасы” тақырыбында 1 курс білім алушыларына кураторлық сағат өткізілді. Сабақ барысында топ жетекшілері Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмірі қазақтардың өзін-өзі билеуіне, мәдениетін, білімі мен ғылымын дамытуға, өзіндік халық шығармашылығы мен ұлт рухын сақтауға деген жалынды қамқорлықпен ұштасқанын атап өтті.