5-14 ақпан аралығында online форматта “Мейірімділікке толы жүрек” тақырыбында өзін-өзі тану онкүндігі өтті. Онкүндік аясында педагог-психолог Ұлбосын Жексембайқызы және өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы колледж оқушылары үшін бірқатар іс-шаралар өткізді.

8 ақпан күні Өзін – өзі тану пәнінің оқытушысы Мадина Ғабитқызы 1 курс білім алушылары үшін “Мейірімді болса жүрек-орындалар тілек!” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында студенттер жүрекшелерге ізгі тілектерін жазып, бір – біріне тарту етті.

Өзін-өзі тану пәнінің авторы, “Бөбек” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Сара Алпысқызы туғанына 80 жыл толуына орай 1,2 курс білім алушыларының қатысуымен “Благодать сердце” атты online сабақ өтті. Online сабақ барысында 1 курс студенті Дәуленқызы Дана Сара Алпысқызының “Өмір этикасы”кітабынан үзінді оқыды.

Сонымен қатар өткізілді:

  • “Желілік этикет” тақырыбында тәрбие сағаты”
  • “Махаббатқа толы жүрек” эссе байқауы”
  • Адамгершілік туралы фильмдер көрсету.

Leave a Reply

Your email address will not be published.