2017 жылдың 5 мамырында Бішкек қаласында (Қырғызстан) «Қазан-Мангал 2017» ашық кеңістікте Еуразия аспаздық фестивалі өтті. Бұл Фестиваль Еуразияның түрлі халықтарының өкілдерін жинады. Қатысушылар әр түрлі елдердің тәжірибелі аспаздары және кіші жасөспірімдер командалары қазан және барбекю құралдарды пайдаланып, өздерінің аспаздық шеберліктерін көрсетті.
Фестивальдің мақсаты – аспаздық сарапшылар мен әуесқойлар арасында тәжірибе алмасу, жастар арасында мамандықты танымал ету және Еуразия кеңістігінің аспаздық қоғамдастығын біріктіру. Ұйымдастырушылар – Дүниежүзілік аспаздық қауымдастықтың (WACS) қолдауымен Қырғыз Республикасының аспазшылар қауымдастығы (AICR).
Колледж командасының 3 курс студенттері Манапхан Еламан мен Нұғманова Еңлік «балық тағамдары» және «Қара жәшік» номинациялары бойынша 2 орынды жеңіп алды. Поправкин Сергей «Қызыл еттен тағамдар» номинациясы бойынша 3 орынға ие болды. Сонымен қатар, колледж алғыс хатпен марапатталды.
Leave a Reply