2017 жылғы 13 қаңтарда Мәскеудегі Жаңа Арбаттағы Мэрия ғимаратында «Біз дәстүрлерді жаңғыртамыз. Рождество» 6-шы жастар гастрономиялық фестивалі өтті. Бұл фестиваль үшінші рет Халықаралық форматта өткізілді.

Бұл фестивальде Қазақстан Республикасының командасы Мәскеуден, Мәскеу облысынан және басқа да Ресей өңірлерінен келген жастар командаларымен қатар өзінің шеберлігін, православиялық дәстүрлері туралы білмін көрсетті.

Биыл алғаш рет қазақстандық жасөспірімдер командасын, яғни Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжінің білім алушыларын Қазақстан Республикасының аспаздар қауымдастығының президенті Александр Александрович Трегубенко таныстырды. Біздің колледждің командасы аспаздық өнерде жоғары шеберлігін көрсетіп, ГРАН-ПРИ жеңіп алды және 6-шы Халықаралық Жастар гастрономиялық фестивалінің кубогына ие болды.

Leave a Reply

Your email address will not be published.