Білім алушылардың ар-намыс кодексі
Мен, Алматы технологиялық-қаржы және инновациялық-техникалық колледжінің білім алушысы, еліміздің білікті мамандарын даярлау жөніндегі колледж миссиясын іске асыру үшін өз жауапкершілігімді сезіне отырып, мен студенттік қоғамдастықтың корпоративтік мәдениетін дамытуды қолдауды, Алматы қаласы мен Қазақстан Республикасының кәсіби кадрларын даярлау жөніндегі жетекші білім беру ұйымы ретінде колледждің имиджін сақтауды өз міндетім деп санаймын, Алматы технологиялық-қаржылық және инновациялық-техникалық колледжі білім алушылардың ар-намыс кодексін қабылдаймын және оны мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін:
1 бап. Қазақстан Республикасының Конституциясын және қолданыстағы заңнамасын, колледж Жарғысын, Колледждің ішкі тәртіп Ережесін және басқа да нормативтік актілерін сақтауға.
2 бап. Қазақстан Республикасының беделді азаматы, таңдаған мамандығында кәсіби болуға, өз бойында шығармашылықты тұлғаның ең жақсы қасиеттерін дамытуға.
3 бап. Колледж имиджін сақтауға, оның дәстүрлерін бағалауға және құрметтеуге.
4 бап. Белсенді, шығармашыл тұлғаны дамытуға, колледждің корпоративтік мәдениеті мен имиджіне бағытталған барлық әрекеттерді қажетті және пайдалы деп санауға.
5 бап. Салауатты өмір салтын ұстануға және насихаттауға, зиянды әдеттерден толық бас тартуға.
6 бап. Колледждің басқа білім алушыларымен, оқытушыларымен, қызметкерлерімен және әкімшілігімен қарым-қатынас барысында ізеттілік, әдептілік, құрмет танытуға.
7 бап. Жыныстық, ұлттық немесе діни айырмашылық бойынша кемсітушілікті болдырмауға.
8 бап. Колледждің мүлкін, соның ішінде кітапханалық-ақпараттық ресурстарды сақтауға, тазалық пен тәртіпті қадағалауға және вандализмге жол бермеуге.
9 бап. Колледжден тыс жерде колледжінің білім алушысы екенін есінде сақтауға және оның намысы мен абыройын сақтауға бар күшін салып тырысуға.
10 бап. Оқу үрдісі барысында әділетсіздік, ұқыпсыздық және ниетсіздікті жіберу қолайсыз деп санап, оқуға және барлық білімді бақылау нысандарына адал ниетпен қарауға.
11 бап. Өзінің оқу міндеттерін қатаң орындауға, этикалық, академиялық және құқықтық бұзушылықтарды жібермеуге, соның ішінде:
- сабақты себепсіз босату;
- кешігу;
- оқытушыны алдау және сыйламау;
- сабақ уақытында тәртіп бұзушылық;
- жоғары баға алу үшін туысқандық немесе қызметтік байланыстарды пайдалану.
12 бап. Колледждегі барлық жемқорлық әрекеттермен белсенді күресуге.
13 бап. Дресс-код сақтау – ұқыпты көріну: Оның сыртқы түр-келбеті этикалық нормаларына сәйкес келуі керек, киімнің іскерлік стилін сақтауға.
14 бап. Кодекс ережелері бұзылғанын байқағанда оны өз күшімен түзетуге тырысуға немесе бұл туралы әкімшілікке хабарлауға.